Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

22.10.2025

Жарияланымдар · 9

Облыстық балалар ауруханаларын жаңарту: құзырет орталықтары ашылады, жабдықтар жаңартылады, кадрлар оқытылады

Облыстық ауруханаларды жаңғырту шеңберінде жыл басынан бері эндокринология, нефрология, ревматология, гастроэнтерология, кардиология, пульмонология, гематология және госпиталь қорын ұйымдастыру бейіндері бойынша 22 жаңа құзыреттілік орталығы ашылды. 2028 жылға дейін облыстық балалар ауруханаларының базаларындағы құзырет орталықтарының саны үш есеге – 17-ден 55-ке дейін ұлғаяды.  Олар Абай, Жетісу, Ұлытау, Ақмола, Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы облыстық көпбейінді ауруханалардың жанынан құрылған, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

16:57Жаңалықтар

Еліміздің өңірлерінде су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасуда

2026 жылғы көктемгі су тасқынының ықтимал қаупінен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен инфрақұрылымды қорғау мақсатында Қазақстанның бірқатар өңірлерінде инженерлік-техникалық шараларды белсенді түрде дайындау және жүзеге асыру жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

15:50Жаңалықтар

Алматы көпсалалы колледжінде «Ұшқышсыз ұшу аппараттары» құзыреттілік орталығы ашылды

Мемлекет басшысының техникалық және кәсіптік білім сапасын арттыру және жаңа форматтағы заманауи кадрларды даярлау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Алматы көпсалалы колледжінің базасында «Ұшқышсыз ұшу аппараттары» құзыреттілік орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

14:52Жаңалықтар

Digital justice жобаларын жүзеге асыру

АҢДАТПА!

12:03Баспасөз хабарламалары

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі: астық сақтауға арналған орындарға 30 млн тоннадан астам өнім сыяды

Сапалы дәндерді уақытылы толтыру егін жинау науқанындағы негізгі шаралардың бірі. Облыстардың жедел деректері бойынша 2026 жылғы егістікке қажетті дән көлемі 2,3 млн тоннаны құрайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді. Спикердің айтуынша, бүгінде 2 млн тонна немесе қажеттіліктің 91%-ы толтырылды.

12:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Ауыл шаруашылығын қолдау: алғаш рет жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеге жетті

Елімізде егін жинау науқаны штаттық режимде жүріп жатыр. Ауа райына және жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге байланысты мәселелер туындағаны қарамастан, олардың барлығы жедел және уақытылы шешілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Аумағы 12 млн гектардан асатын бидай алқаптары жиналды

Елімізде егін жинау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Шаруалар техника, жанар-жағармай және тиісті қаржы ресурстарымен уақытылы қамтамасыз етілді. Биыл жалпы егін жинау алаңы 23,6 млн гектарды құрады, оның ішінде 16 млн гектардан астамы – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар. Жинау жұмыстары дер кезінде басталды, ал дәнді дақылдар бойынша науқан аяқталуға жақын. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

11:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 274 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 51 мың отбасындағы 274,4 мың адамға 24,6 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 98,4 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:21Жаңалықтар

Еліміздегі білім беру жүйесінің дамуы: жетістіктері мен болашағы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде  білім беру жүйесін дамыту және білікті кадрлар даярлау бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Үкімет мектепке дейінгі тәрбиеден бастап жоғары білім мен ғылымға дейінгі барлық деңгейдегі білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға баса назар аударуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:01Президенттің тапсырмалары