Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың халық үшін ауыз суға тарифті дербес белгілеу ережелері енгізілді. Бұл ретте оның мөлшері тиісті жылдың 1 қаңтарындағы республика бойынша орташа тариф шегінде болуға тиіс. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.