Қазақстанда терапиялық бейіндерді дамытуға және халыққа мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған 34 облыстық аурухананы жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы іске асырылуда. Жоба алты бағытты қамтиды: терапия бөлімшелерін ашу, құзыреттілік орталықтарын құру, телемедицинаны дамыту, симуляциялық орталықтарды іске қосу, медициналық кадрларды оқыту және жабдықтарды жаңарту, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.