Күн жаңалықтары
17.11.2025
Жарияланымдар · 8
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне алғыс айтып, хат жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке 14-16 қараша күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қазақстан делегациясына көрсеткен қонақжайлығы үшін ризашылығын білдірді. Президент хатта екі елдің стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарын нығайтуға тың серпін берген бұл сапардың тарихи мәніне тоқталған.
Қазақстан мен Эстония президенттері келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Эстония Президенті Алар Кариске ілтипат білдірді.
Жамбыл облысында құс етін өңдейтін ірі кәсіпорын іске қосылды
Жамбыл облысында жылдық қуаттылығы 70 мың тонна болатын заманауи кәсіпорын іске қосылды. Инвестициялардың жалпы көлемі 19,8 млрд теңгені құрады. Жоба Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту, қайта өңделген өнім үлесін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Үкіметте халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік қолдау жүйесін және жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде жекеменшік мектептер қызметін реттеудің жаңа тетігін жетілдіру бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының цифрландыру арқылы бюджет қаражатын жұмсау тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президент жасанды интеллект және цифрландыру мәселелері бойынша заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жасанды интеллект және цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді.
Денсаулық сақтау министрлігі: емханаларда 660 жедел жәрдем бөлімшесі ашылды
Емханалардағы жедел жәрдем кабинеттері денсаулық сақтау жүйесінде маңызды рөл атқарады. Олар жедел жәрдем келгенге дейін өмірге қауіп төнбеген кезде жедел жағдайларда пациенттерді алғашқы зерттеп-қарауды және емдеуді қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда емханаларда 660 жедел жәрдем бөлімшесі ашылды, олар дәрігерлермен 73,2%, 100% мейіргерлермен және фельдшерлермен қамтылған, сондай-ақ пациенттерге қажетті көмек көрсетуге дайын, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Премьер-министр Президенттің медицинадағы озық технологияларды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылыми онкология орталығы (ҰҒОО) мен Nazarbayev University Биомедициналық зерттеу орталығының қызметімен танысты. Президенттің медицинада озық технологияларды қолдану және денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысына назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.