Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік қолдау жүйесін және жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде жекеменшік мектептер қызметін реттеудің жаңа тетігін жетілдіру бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының цифрландыру арқылы бюджет қаражатын жұмсау тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.