Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

18.11.2025

Жарияланымдар · 6

ҚР ТЖМ: өңірлерде су тасқыны кезеңіне белсенді дайындық жүргізіліп жатыр

Елімізде алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары мен жергілікті атқарушы органдар су тасқыны қауіпті учаскелерінде мониторинг жүргізіп, инженерлік қорғау құрылғыларының дайындығын тексеріп, алдын алу шараларын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

11:21Жаңалықтар

Түркиялық компания Қазақстанда тағамдық желатин өндіретін зауыт салады

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Iskefe Holding компаниясының басқарма төрағасы Билал Алкочпен кездесу өткізді. Келіссөз барысында тараптар тағамдық желатин өндіру жобасын іске асырудың инвестициялық әлеуетін талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

10:33Жаңалықтар

Ауқымды жаңғырту: Түркістан облысында ұзындығы 62 шақырымнан астам арық каналдарын бетонмен қаптау жұмыстары жүргізіліп жатыр

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Түркістан облысында Жетісай, Мақтаарал, Отырар және Созақ аудандарындағы 15 875 га суармалы жерге су жеткізуді жақсарту мақсатында ұзындығы 62 шақырымнан астам жер арық каналдарын ауқымды жаңғырту жұмыстарын бастады. Бұл жобалар инвестициялық бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ведомствоның бапасөз қызметі.

10:03Жаңалықтар

Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

АҢДАТПА!

09:48Баспасөз хабарламалары

Жыл басынан бері 13,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 161,2 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың 45,6%-ы Өзбекстаннан, 42,3% – Қытайдан, 4,1% –  Түрікменстаннан, 2,9% – Монғолиядан, 2,6% – Ресейден және 2,5%-ы басқа елдерден, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:02Жаңалықтар

Қазақстанда 18 қараша күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні атап өтіледі

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – «Заң және тәртіп» қағидатының маңызды бөлігі әрі мемлекеттің тұрақты дамуының негізі. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыс тек құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесуге ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың ашық әрі тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Президенттің тапсырмасына сәйкес, сот шешімімен жемқорлардан тәркіленген қаражат мектептер салуға жұмсалады. Ал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр.

09:00Жаңалықтар