Күн жаңалықтары
19.11.2025
Жарияланымдар · 8
Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады
Мемлекет басшысына аграрлық саланың биылғы он ай ішіндегі даму қорытындысы туралы баяндалды.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі туралы
АҢДАТПА!
Қазақстанда эпидемиологиялық маусымда емханалардың жұмысы күшейтілді
ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі жағдайында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысы күшейтілді. Емханаларда фильтр кабинеттері жұмыс істейді, эпидемияға қарсы режимнің барлық талабы сақталады. Амбулаториялық жағдайда ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастардың шамамен 80%-ы емделіп жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрлігі Гонконг тұмауы туралы ресми түсініктеме берді
Жыл сайын Қазақстанда ЖРВИ-мен 3-4 млн адам, ал тұмаумен 2 мың адам ауырады. Ағымдағы эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері елде ЖРВИ-дің 1,5 млн жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20%-ға төмен. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік ахуал, ішкі істер органдарына жүктелген міндеттердің орындалуы, соның ішінде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру жұмыстары жөнінде баяндалды.
Ақтөбе облысы тұрғындарын табиғи газ және тұрғын үймен қамту қарқыны жоғары
Өңірдің өркендеуінде халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету шешуші рөл атқарады. Биыл Ақтөбе аймағындағы 4 ауыл сумен қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін 2 мыңға жуық тұрғыны бар 6 елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ биыл 9 мыңға жуық тұрғыны бар 22 елді мекен газбен қамтамасыз етілді, жыл соңына дейін тағы 6 ауылға көгілдір отын жеткізілді. Бұл жайында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 15 млрд теңге бөлінді
Ақтөбе өңірінде көрсетілген мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында оң динамика сақталуда, осы жылдың 10 айында 353 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді. Мал шаруашылығы саласында төрт түлік малдың басы өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға өсті. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін енгізу аясында «АЙС» сүт-тауар фермасына 2,5%-бен 7,5 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Бүгінде 800 бас ірі қара малы әкелініп, бірінші кезеңі іске қосылды. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Биыл Ақтөбе облысында құны шамамен 350 млрд теңге болатын 4 жобаны іске асыру жоспарланған
2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының экономикалық өсімі 103,6% деңгейінде қалыптасты. Инвестициялық тартымдылықты арттыру және шетелден қаржы көзін тарту бағытында жыл басынан бері өңір экономикасына 892 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 129%-ды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 217 млрд теңгеге артық. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.