2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының экономикалық өсімі 103,6% деңгейінде қалыптасты. Инвестициялық тартымдылықты арттыру және шетелден қаржы көзін тарту бағытында жыл басынан бері өңір экономикасына 892 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 129%-ды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 217 млрд теңгеге артық. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.