Күн жаңалықтары
20.11.2025
Жарияланымдар · 12
Шымкентте жылына 155 мың тонна қызанақ өндіретін жылыжай кешені іске қосылды
Кешенді іске қосу аясында құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңіне кіретін аумақта алғашқы қызанақ өнімі жиналды. Жалпы құны 650 млн АҚШ долларын құрайтын ірі инвестициялық жобаның құрылысы былтыр жазда басталған, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қостанай облысында 1200 бас малға арналған сүт-тауарлы ферма іске қосылды
Қостанай облысында 1200 бас ірі қара малға арналған заманауи сүт-тауарлы ферма пайдалануға берілді. Жалпы инвестиция көлемі 4,3 млрд теңгені құрайтын маңызды жобаны «Каменскуральск» ЖШС іске асырды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Өндірістегі қауіпсіздік: Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің өкілі қабылданған шаралар туралы айтты
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жұмысының негізгі бағыттарының бірі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында комитет басшысы Мейрамбек Ахметов кәсіпорындарда жазатайым оқиғаларды тіркеу кезінде қандай шаралар қабылданатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп, зардап шеккендердің саны көп саланы белгілеп, кәсіптік тәуекелдерді бағалау тәртібі туралы айтып берді.
ҚР Еңбек министрлігі: Еңбек тәуекелдерінің картасы кәсіпорындардағы даулар санын азайтуға мүмкіндік береді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек дауларының алдын алуға және реттеуге ерекше назар аударады. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жүйелі негізде кәсіпорындардағы ахуалға еңбек тәуекелдерінің картасы арқылы мониторинг жүргізеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов мәлімдеді.
Мемлекеттік инспекторлар еңбек заңнамасының сақталуы бойынша 5 мыңнан астам тексеру жүргізді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі жөнінде айтты. Спикер ведомство тарапынан еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауда тұрғанын хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші – Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады
Президентке Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қызметінің аралық нәтижелері туралы баяндалды.
ШҚО-да әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымды кешенді жаңғырту жүзеге асырылуда
Биыл Шығыс Қазақстан облысында 380 мың шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде 2,3 мың пәтерге арналған 29 көпқабатты үй, сондай-ақ «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 350 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Өңірде коммуналдық және энергетикалық жүйелерді жаңғырту бойынша шаралар да іске асырылып жатыр. Президенттің халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жыл соңына дейін 8 жаңа нысан пайдалануға беріледі. Бұл 4 мыңнан астам адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді.
ШҚО агроөнеркәсіп саласын дамыту мақсатында шет мемлекеттермен ынтымақтастық орнатуда
Ауыл шаруашылығы – ШҚО экономикасының стратегиялық мәні айрықша саласы. Биыл аймақтың аграрлық секторы тұрақты өсім көрсетуде. Астық өнімі 101,5%-ға, майлы дақылдар – 107%-ға артты. Қайта өңделген экспорттық өнім үлесі 66%-дан 71%-ға дейін өсті. Бұл жайында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
ШҚО-дан Қытайға әуе рейстерін іске қосу жоспарлануда
Шығыс Қазақстан облысында туризм мен заманауи инфрақұрылым белсенді дамып келеді. Жаңа әуежайлар мен жолдар салынып жатыр, тау шаңғысы саласына назар аударылып, халықаралық маршруттар іске қосылуда. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әкім Нұрымбет Сақтағанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.
Шығыс Қазақстан облысында 1 трлн теңгеден астам сомаға инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр
Шығыс Қазақстан облысы тұрақты дамуда. Барлық экономикалық көрсеткіш оң динамикаға ие. Жергілікті билік халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін нақты шаралар қабылдап жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді.
26,7 мың адам скорингтік модель арқылы қосымша қолдау алды
Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында отбасылардың әл-ауқатын анықтауда скорингтік модельді пайдалана отырып, мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау бойынша пилоттық жобаны іске асыру жалғасуда. Қазіргі уақытта 4 мемлекеттік қызмет толығымен енгізілді, 26,7 мың өтініш берушіге қосымша қолдау шаралары көрсетілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Президент Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын сұлтандықтың Ұлттық күнімен құттықтады.