Сыбайлас жемқорлықпен күрес – «Заң және тәртіп» қағидатының маңызды бөлігі әрі мемлекеттің тұрақты дамуының негізі. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыс тек құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесуге ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың ашық әрі тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Президенттің тапсырмасына сәйкес, сот шешімімен жемқорлардан тәркіленген қаражат мектептер салуға жұмсалады. Ал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр.