Емханалардағы жедел жәрдем кабинеттері денсаулық сақтау жүйесінде маңызды рөл атқарады. Олар жедел жәрдем келгенге дейін өмірге қауіп төнбеген кезде жедел жағдайларда пациенттерді алғашқы зерттеп-қарауды және емдеуді қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда емханаларда 660 жедел жәрдем бөлімшесі ашылды, олар дәрігерлермен 73,2%, 100% мейіргерлермен және фельдшерлермен қамтылған, сондай-ақ пациенттерге қажетті көмек көрсетуге дайын, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.