Күн жаңалықтары
02.12.2025
Жарияланымдар · 14
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен оның отандастарын Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық мерекесімен құттықтады.
Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл
АҢДАТПА!
Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Мемлекетінің Жоғары судьясы, Президенттің дін істері жөніндегі кеңесшісі Махмұд әл-Хаббашты қабылдады
Мемлекет басшысы мейманға ілтипат білдіре отырып, дипломатиялық қатынас орнаған сәттен бері Қазақстан мен Палестина арасындағы ынтымақтастық достық, өзара қолдау және құрмет сипатында дамып келе жатқанына назар аударды.
«Күз-2024» әскери қызметшілері мыңнан астам білім гранттарын алды
Қазақстанда Қарулы күштердің беделін арттыруға және жастарды мерзімді қызмет өткеруге ынталандыруға бағытталған жобаны іске асыру жалғасуда. Үш мыңнан астам мемлекеттік білім беру гранты, оның ішінде екі мыңнан астамы – «Көктем-2024», мыңнан астамы – «Күз-2024» әскерге алынып, 2025 жылы қызметін аяқтаған азаматтарға берілді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.
Кооперативтер мен жаңа өндіріс орындары: «Ауыл аманаты» бағдарламасының нәтижесі
Ақтөбе облысында 2022 жылы қараша айында басталған «Ауыл аманаты» жобасы ауылды дамытудың тиімді құралдарының біріне айналды. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап жергілікті кәсіпкерлікті кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, ауыл тұрғындарының табысын арттырды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Ақмола облысы астықтың жалпы жиналымы бойынша елімізде көшбасшылар қатарына шықты
Биылғы орақ науқаны соңғы жылдардағы ең нәтижелі науқандардың бірі болып, Ақмола облысын астықтың жалпы жиналымы бойынша еліміздің көшбасшылары қатарына шығарды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
«Мемлекеттік қолдау шаралары нарықтың адал қатысушыларына ғана көрсетіледі» – Олжас Бектенов отандық фармацевтикалық өндірушілерді қолдау туралы
Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжаса Бектенов отандық фармацевтика саласына қаржы тартуды ынталандыру мақсатында инвестициялар туралы келісімдер жасалып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.
ЖІӨ құрылымындағы өңдеу секторының үлесі 13%-ды құрайды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібін дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Онда өнеркәсіп және құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, жасанды интеллект және цифрлық даму министрлері атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Сондай-ақ Қостанай, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында X Республикалық WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионаты өтеді
3-9 желтоқсан аралығында Астана қаласында еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру және кадрлар даярлау сапасын жетілдіру мақсатында WorldSkills Kazakhstan-2025 кәсіби шеберлік X мерейтойлық республикалық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
АҢДАТПА!
Мүгедектікті белгілеу бойынша 99 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 99,6 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 50-ден астам нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Президент «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады
Мемлекет басшысына Қордың биыл атқарған жұмысының нәтижелері туралы мәлімет берілді.
Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады
Үкімет Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС арасында Түркістан облысында шитті мақтаны өсіру және терең өңдеу бойынша инвестициялар туралы келісім жасауды мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл және кадрдан тыс жұмыс: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының төрт айлық жұмысының қорытындысы
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жаңа шығарылымда төрт айлық жұмысын қорытындылап, көпшілікке көрінбейтін тұстарына тоқталады. Алғашқы күннен бастап Орталық үздіксіз бақылау жүргізіп, мемлекеттің денсаулық, қауіпсіздік және әлеуметтік маңызды шешімдеріне қатысты таралатын жалған ақпаратты жедел анықтап, бейтараптандырып келеді. Осы уақыт ішінде ондаған жалған ақпарат енгізілімдері талданып, 24 теріске шығару жазбасы, 14 тақырыптық шығарылым, 17 телевизиялық эфир дайындалды, Орталықтың жарияланымдары жүзден астам ұлттық және халықаралық БАҚ-та жарияланды.