Күн жаңалықтары
01.12.2025
Жарияланымдар · 15
Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Геологиялық саланы цифрландыру: Big Data жүйесін және Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын құру
Қазақстанда геологиялық саланы цифрландыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ұлттық геологиялық қызмет инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсетуде және Қазақстанның минералды-шикізат базасын басқару тиімділігін арттыруда, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ Алматы агломерациясын дамыту жоспары жөнінде баяндалды.
Мектептердегі кәсіби бағдар беру бойынша бірыңғай әдістемелік нұсқаулық әзірленді
Қазақстанда алғаш рет кәсіби бағдар беруге арналған бірыңғай әдістемелік нұсқаулық әзірленді. Орта білім комитеті мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы дайындаған бұл нұсқаулық барлық мектептерге таратылып, 1–11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысын жүйелі, бірізді және түсінікті форматқа көшіруді көздейді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Маркетплейстерде «Қазақстанда жасалған» арнайы бөлімдері енгізіліп жатыр
Қазақстанда электронды сауданы одан әрі дамыту үшін 2027 жылға дейінгі электронды сауданы дамыту жоспары іске асырылып жатыр. Саланы дамыту үшін ведомствоға бағынысты Kaztrade компаниясымен бірлесіп, бүкіл республика кәсіпкерлеріне электронды сауданы дамыту мәселелері бойынша онлайн-семинарлар өткізіліп жатыр. Сонымен қатар электронды сауда саласындағы кәсіби стандарттар да өзектендірілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Ішкі сауданы дамыту департаментінің директоры Ансар Оразалиев мәлімдеді.
Бөлшек сауда көлеміндегі e-commerce үлесін 18,5%-ға жеткізу көзделуде – Сауда министрлігі
Халықаралық талдау агенттіктерінің бағалауынша, 2024 жылы әлемдік электронды сауда нарығының көлемі 6,3 трлн АҚШ долларын құрап, оның үлесі 20% болды. Бұл көрсеткіш 2028 жылға қарай 8 трлн доллардан асуы мүмкін. Электронды сауда біздің елде де дамып келеді. 2020 жылдан бері оның көлемі 7 есеге артқанымен, әлі де әлемдік орташа деңгейден төмен. Бұл туралы ОКҚ алаңындағы баспасөз мәслихатында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Ішкі сауданы дамыту департаментінің директоры Ансар Оразалиев мәлімдеді.
Келесі жылы Жамбыл облысының 90%-ы талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылмақ
Жамбыл облысында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 148 елді мекенде интернет сапасы 4G деңгейіне жеткізілді. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 12 антенналық-діңгекті құрылғылардың құрылысы жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Тараз қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол академиясының құрылысы басталды
Жамбыл өңірінде 3,1 млрд теңгеге 21 спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. 3 спорт кешені мен 90 спорт алаңдары пайдалануға берілді. Нәтижесінде, халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі 70,8%-ға, ал дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халық үлесі 41,9%-ға дейін жетті. Бұл жайында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Жамбыл облысында білім беру мен денсаулық сақтау салаларында жетістік көп
Жамбыл облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде 25 млрд теңгеге 26 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Жыл басынан бері 7 мектеп пайдалануға берілді, оның төртеуі «Келешек мектептері» жобасы аясында салынды. Жыл соңына дейін тағы 7 нысан құрылысы аяқталады. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.
Тараз қаласында автокөлік және тұрғындардың қозғалысы мәселесі шешілуде
Тараз қаласында Абай даңғылының бойында теміржол арқылы өтетін автомобиль қозғалысына арналған жол өткелі болатын көпір құрылысы жалғасуда. Жобаны іске асыру Тараз қаласының тұрғындары үшін көлік логистикасын едәуір жақсартуға, автокөлік қозғалысының тиімділігін арттыруға және тұрғындар үшін көлік қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жайлы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
Жамбыл облысының әкімі аймақта іске асып жатқан инфрақұрылымдық жобаларды таныстырды
Жамбыл облысында көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 710 пәтер сатып алу жоспарлануда. «Әулие ата жастары» бағдарламасы аясында 140 жас отбасы баспанамен қамтылды. Аймақтағы елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету де маңызды мәселелердің бірі. Ағымдағы жылдың соңына дейін 13,9 млрд теңгеге 24 ауылдық елді мекен және Тараз, Шу қалаларының 9 тұрғын алқабы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.
Жамбыл облысында дақылдардың егістік алқабы 640 мың гектарға жетті
Жамбыл өңірі ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 458,5 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 640 мың гектарға жетті. Өңірде 3,3 млн тонна өнім жиналды, оның ішінде 283 мың тонна масақты дәнді дақылдар, 31,3 мың тонна майлы дақылдар, 1,3 млн тонна көкөніс дақылдары, 207 мың тонна картоп, 389 мың тонна бақша дақылдары жиналды. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Жамбыл өңірі инвестиция көлемінің өсу қарқыны бойынша республикада 3-орында тұр
Жамбыл облысындағы өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны республика бойынша 3-орында, ал өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша 5-орында. Өнеркәсіп өнімі өндірісінің шамамен 63%-ы өңдеу секторына тиесілі, ондағы кәсіпорындармен республика бойынша 100% натрий триполифосфаты, натрий цианиді өндіріледі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Аида Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 246 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 463,3 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте 246,3 мыңнан астам адам өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін пайдаланып үлгерді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.