Жамбыл облысында көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 710 пәтер сатып алу жоспарлануда. «Әулие ата жастары» бағдарламасы аясында 140 жас отбасы баспанамен қамтылды. Аймақтағы елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету де маңызды мәселелердің бірі. Ағымдағы жылдың соңына дейін 13,9 млрд теңгеге 24 ауылдық елді мекен және Тараз, Шу қалаларының 9 тұрғын алқабы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.