Жамбыл өңірі ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 458,5 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 640 мың гектарға жетті. Өңірде 3,3 млн тонна өнім жиналды, оның ішінде 283 мың тонна масақты дәнді дақылдар, 31,3 мың тонна майлы дақылдар, 1,3 млн тонна көкөніс дақылдары, 207 мың тонна картоп, 389 мың тонна бақша дақылдары жиналды. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.