Халықаралық талдау агенттіктерінің бағалауынша, 2024 жылы әлемдік электронды сауда нарығының көлемі 6,3 трлн АҚШ долларын құрап, оның үлесі 20% болды. Бұл көрсеткіш 2028 жылға қарай 8 трлн доллардан асуы мүмкін. Электронды сауда біздің елде де дамып келеді. 2020 жылдан бері оның көлемі 7 есеге артқанымен, әлі де әлемдік орташа деңгейден төмен. Бұл туралы ОКҚ алаңындағы баспасөз мәслихатында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Ішкі сауданы дамыту департаментінің директоры Ансар Оразалиев мәлімдеді.