Жамбыл облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде 25 млрд теңгеге 26 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Жыл басынан бері 7 мектеп пайдалануға берілді, оның төртеуі «Келешек мектептері» жобасы аясында салынды. Жыл соңына дейін тағы 7 нысан құрылысы аяқталады. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.