Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

03.12.2025

Жарияланымдар · 18

Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды.

17:36Жаңалықтар

Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті.

16:49Жаңалықтар

Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, белгілі қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Мемлекеттік сыйлықтың, «Парасат» және ІІ, ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Жабайхан Әбділдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

16:13Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, атап айтқанда, ведомствоаралық ықпалдастықты күшейту, қызметтер сапасын арттыру, адам капиталын дамыту және саланы цифрландыру шаралары жөнінде баяндалды.

16:12Жаңалықтар

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» акциясының маңызы

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» науқаны 20 жылдан астам уақыттан бері өткізіліп келеді және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрімен күресуге бағытталған жаһандық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында «Отбасылық табыс орталығы» ҚҚ жетекшісі Роза Бекишева айтып берді.

15:30Жаңалықтар

Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасулар саны 16%-ға азайды

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның қоғамдық даму институтымен бірлесіп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде ұлттық баяндама дайындады. Бұл бағытта оң нәтижелерге қол жеткізілді. Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға қатысты қабылданған заңнамалық жаңашылдықтар туралы азаматтардың хабардарлығы артқаны байқалады. Сондай-ақ құқық қорғау органдарына жүгіну және полицияға деген сенімнің артқаны атап өтілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР МАМ жанындағы Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Лира Раисова мәлімдеді.

15:20ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Ұлттық комиссия әйелдер мен балаларды кибер зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейтуге шақырды

Биыл «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» жаһандық науқаны аясында ерекше назар ең жасырын әрі өсіп келе жатқан қауіптердің бірі – кибер зорлық-зомбылыққа аударылды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Айман Омарова ОКҚ алаңындағы дөңгелек үстелде айтты.

15:10ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Заңнамалық өзгерістер нақты нәтиже көрсетіп отыр – ҚР ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы

25 қарашада елімізде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» науқаны басталды. Ішкі істер министрлігі тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу тиімділігін арттыруға, жәбірленушілердің қорғалуын күшейтуге, қоғамды тартуға және мұндай құқық бұзушылықтарға төзімсіздік қалыптастыруға бағытталған шараларды іске асыруда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Әлібек Кеңіспаев мәлімдеді.

14:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Мемлекет басшысы өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді

Президент авиахабтарды дамыту көлік-тасымал саласындағы басым бағыттардың бірі саналатынына тоқталды.

14:39Мемлекет басшысының қызметі

Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

АҢДАТПА!

14:33Баспасөз хабарламалары

2030 жылға дейін Ұлытау облысының 63 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі

2025 жылы Ұлытау өңірінде 4,9 млрд теңгеге 819 шақырым электр желілері мен 272 электр жабдығын жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1,8 млрд теңгенің жұмысы монополист кәсіпорындарға бекітілген инвестициялық жобалар арқылы іске асты. «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында 2024 жылдың Жаңаарқа кентінің электр желілерін салу жобасы бойынша 730 млн теңге қарастырылып, 46,2 шақырым электр желілері тартылды. 1447 жаңа баған және 13 дана толық трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылды.

12:20ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Жыл соңына дейін Жезқазғанда ескек есу спорт түрлері бойынша спорт кешенінің құрылысы аяқталады

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңірдегі дене шынықтыру және спорт саласының дамуы туралы айтты. Биыл Жезқазғанда көпфункционалды дене шынықтыру кешені мен Шахмат академиясы, Қаражал қаласында жабық жүзу бассейні және Сәтбаев қаласында ангарлық үлгідегі спорт кешені пайдалануға берілді.

12:10Жаңалықтар

Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік салада жаңа жобалар іске асып жатыр

Былтыр Жезқазған қаласында жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы және Жаңаарқа ауданында мал шаруашылығы кешені мен мал сою цехы іске қосылған. Ал, биыл жалпы құны 17 млрд теңге болатын 10 жоба іске асуда. Оның ішіндегі құны 8,5 млрд теңгені құрайтын 7 жоба ағымдағы жылы іске қосылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков хабарлады.

12:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Ұлытау облысы ШОБ дамытуға ең қолайлы аймақтардың алғашқы үштігіне кіреді

Шағын және орта бизнесті дамыту – өңірдің басым бағыттарының бірі. Ұлытау облысында мемлекеттік қолдау шараларының арқасында барлық негізгі көрсеткіш бойынша өсім байқалады. Биылдың басынан бері ШОБ субъектілері 160,6 млрд теңгенің өнімін өндірді, бұл – 19,8% өсім. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Дастан Рыспеков хабарлады.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

2028 жылға дейін Ұлытау облысында 25 инвестициялық жоба пулы қалыптасады

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлытау облысының ЖӨӨ көлемі 1 трлн теңгеге жетіп, 1,1% өсім көрсетті. Жан басына шаққандағы көрсеткіш – 4,6 млн теңге. 10 айда көлік және қоймалау, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру, инвестициялар, сауда және ауыл шаруашылығы салаларында оң динамика байқалады. Тек өнеркәсіп саласында ғана көрсеткіштер төмендеген. Экономикалық белсенділіктің артуы нәтижесінде облыс бюджетінің кірістері 29,7 млрд теңгеге, яғни 20%-ға ұлғайып, 178 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

11:40Жаңалықтар

Ақтөбе облысының ауылында қайтарылған активтер қаражатына медициналық пункт салынды

Үкіметтің басым міндеттерінің бірі – халықты сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету. Осы бағытты жүзеге асыру және Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылында жаңа медициналық пункт ашылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:01Президенттің тапсырмалары

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

АҢДАТПА!

09:47Баспасөз хабарламалары

3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күні

Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күні БҰҰ Бас Ассамблеясының бастамасымен 1992 жылдан бері атап өтіледі. Бұл күннің мақсаты – әділ, инклюзивті, тең құқықты қоғам құрудың маңыздылығына назар аудару.

09:00Жаңалықтар