25 қарашада елімізде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» науқаны басталды. Ішкі істер министрлігі тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу тиімділігін арттыруға, жәбірленушілердің қорғалуын күшейтуге, қоғамды тартуға және мұндай құқық бұзушылықтарға төзімсіздік қалыптастыруға бағытталған шараларды іске асыруда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Әлібек Кеңіспаев мәлімдеді.