Күн жаңалықтары
04.12.2025
Жарияланымдар · 18
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта бірлескен мәлімдеме жасады
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы: республика бойынша 1 250 экологиялық іс-шара өткізілді
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізу, ағаш отырғызу, заңсыз қоқыс алаңдарын жою, ҚТҚ өңдеу жобаларын жүзеге асыру туралы баяндамасы тыңдалды. Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша сөз сөйледі, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президент мәдениет, білім беру және отбасы мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Мал шаруашылығы саласының даму барысы және оны жетілдіру шаралары
АҢДАТПА!
Солтүстік Қазақстан облысының барлық ауданында IT-орталықтар ашылады
Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің алдағы 5 жылға арналған цифрлық стратегиясы әзірленді. Ол цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, экономиканың салаларын трансформациялауға және халықтың цифрлық құзыреттерін арттыруға бағытталған. Бұл жұмыс туралы толығырақ облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында айтып берді.
СҚО-да тұрғын үй қоры жаңартылып, инженерлік желілер жаңғыртылып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй қорын жаңарту жұмыстары жалғасуда, елді мекендердің келбеті айтарлықтай өзгеріп келеді. Биыл жоспарланған 332 мың шаршы метрдің 194 мың шаршы метрі пайдалануға берілді, 15 үй (1 007 пәтер) салынды, коммерциялық сектордың үлесі артып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
СҚО-да Қазақстан-Қытай ғылыми-аграрлық орталығын құру жоспарланған
Солтүстік Қазақстан облысында құны 894 млрд теңгені құрайтын 51 инвестициялық жобадан тұратын пул іске асырылуда, оларда 7,8 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Жалпы, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тартылған тікелей инвестициялар көлемі жылдық жоспардан 2 еседен аса жоғары болды. 2 жыл ішінде жалпы сомасы 300 млрд теңгеден асатын 19 меморандумға қол қойылды. Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ алаңындағы баспасөз мәслихаты барысында хабарлады.
2029 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы орталығындағы барлық көшеге толығымен асфальт төселмек
Солтүстік Қазақстан облысында автомобиль жолдарының ұзындығы 8,4 мың шақырымды құрайды. Еліміздегі жолдардың ұзындығы бойынша облыс 2-орында. Биыл жөндеу жұмыстарымен 1,1 мың шақырым жол қамтылды. Оның ішінде 467 шақырым – республикалық, 540 шақырым – жергілікті және 100 шақырым – кентішілік жолдар. 10 жылдан астам мерзім көлемінде жөнделмеген республикалық маңызы бар жолдарға ауқымды жөндеу жүргізілді. Оның ішінде «Петропавл-Жезқазған» және «Мамлютка-Қостанай» учаскелері жыл бойы халық үшін көліктік қолжетімділікті қамтамасыз етті. Бұл жайлы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Биыл СҚО-да сүт өндіретін 8 заманауи кешен іске қосылады
СҚО аграрлық секторды дамытумен қатар мал шаруашылығында да елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Бұл нәтижелер фермаларды жаңғырту, озық технологияларды енгізу және мал басын көбейту арқылы мүмкін болды. Ет өндірісі 68,5 мың тоннаны, сүт – 334 мың тоннаны, жұмыртқа – 530 млн дананы құрады. Сүт бағыты да белсенді дамып келеді. Облыс заманауи сүт кешендерін енгізу бойынша көшбасшы орынды сақтап отыр. Өңірде 110 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді. Бұл еліміздегі барлық 373 ферманың 30%-ын құрайды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
СҚО-да шығарылатын жалпы өнім көлемі 878 млрд теңгеден асты
Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсуі 13%-ды құрады. Негізгі салалар оң өсімді көрсетті. 10 ай ішінде ауыл шаруашылығында 9,3%, өнеркәсіпте 19,1%, құрылыста 30,1%, тұрғын үйді пайдалануға беруде 3,9%, инвестицияларда 7,3% өсу қамтамасыз етілді. Өңір үшін ауыл шаруашылығы экономиканың негізгі саласы болып табылады: агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімнің төрттен бір бөлігін құрайды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Атырау өңіріндегі 43 ауылға талшықты-оптикалық интернет желісі тартылып жатыр
Цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстарда оң нәтиже бар. Интернетпен қамту деңгейі 99,7%-ға жетіп, 14 шалғай орналасқан елді мекен интернетке қосылды. 155 5G базалық станция орнатылып, 43 ауылға талшықты-оптикалық интернет желісі тартылуда. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Атырау облысында туризм саласына 32 млрд теңге инвестиция тартылды
Биыл Атырау өңірі Махамбет ауданының Сарытоғай ауылында және қала аумағындағы екі елді мекенде жаңа мәдениет үйлері пайдалануға берілді. Қазір тағы 15 мәдени нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандар ауыл халқының шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік беріп, өңірдің мәдени әлеуетін нығайта түседі. Сонымен қатар Атырау қаласында 1200 орындық концерт залы мен тарихи-өлкетану музейі, 600 орындық конгресс-холл, бейбітшілік келісім сарайының құрылысы басталды. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Атырау облысында маңызды инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды
Атырау облысында халықты сапалы ауыз сумен, көгілдір отынмен, электр желілерімен қамтамасыз ету 99,9%, яғни 713 мыңнан аса адамды қамтиды. Бүгінде тұрақты және сапалы қызмет көрсету аясында бірқатар инфрақұрылымдық жоба іске асты. Атап айтқанда, Атырау қаласы мен Мақат тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында №5 сүзгі стансасы қайта жаңғыртылып, су тұтыну көлемі тәулігіне қосымша 50 мың текше метрге артты. Бұл жайында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
Атырау облысында инвестициялық жобалардың арқасында 26 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды
Биылғы 10 айдың қорытындысына сәйкес Атырау облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша оң өзгерістер қалыптасты. Алайда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі бойынша 30%-ға дейін төмендеді. Бұған «Теңізшевройл» ЖШС-нің Келешек кеңею жобасының аяқталуы әсер етті. Бірақ өзге инвестициялардың өсімі 29%-ға ұлғайды. Өңірдің дамуының басты экономикалық драйвері – мұнай-газ саласы. Бүгінде құны 10,7 млрд долларды құрайтын үш ірі зәкірлі инвестициялық жоба (полиэтилен өндірісі, газ сепарациялық қондырғы, газ өңдеу зауыты) жүзеге асырылуда. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Салық және кедендік әкімшілендірудің жаңа тәсілдері туралы
АҢДАТПА!
Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 86 мыңнан астам оқушы орны іске қосылды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында жаңадан білім беру ұйымдарын салу немесе жаңғырту, оған жапсарлас құрылыс салу жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Үкімет Жезқазғандағы су мәселелерін шешуге 1,8 млрд теңге бөлді
Үкімет резервінен Ұлытау облысының сумен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат Президенттің халықтың өмір сүру сапасын арттыру және ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауды аяқтауға бағытталған, деп хабарлайды Primeminister.kz.