Атырау облысында халықты сапалы ауыз сумен, көгілдір отынмен, электр желілерімен қамтамасыз ету 99,9%, яғни 713 мыңнан аса адамды қамтиды. Бүгінде тұрақты және сапалы қызмет көрсету аясында бірқатар инфрақұрылымдық жоба іске асты. Атап айтқанда, Атырау қаласы мен Мақат тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында №5 сүзгі стансасы қайта жаңғыртылып, су тұтыну көлемі тәулігіне қосымша 50 мың текше метрге артты. Бұл жайында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.