Солтүстік Қазақстан облысында автомобиль жолдарының ұзындығы 8,4 мың шақырымды құрайды. Еліміздегі жолдардың ұзындығы бойынша облыс 2-орында. Биыл жөндеу жұмыстарымен 1,1 мың шақырым жол қамтылды. Оның ішінде 467 шақырым – республикалық, 540 шақырым – жергілікті және 100 шақырым – кентішілік жолдар. 10 жылдан астам мерзім көлемінде жөнделмеген республикалық маңызы бар жолдарға ауқымды жөндеу жүргізілді. Оның ішінде «Петропавл-Жезқазған» және «Мамлютка-Қостанай» учаскелері жыл бойы халық үшін көліктік қолжетімділікті қамтамасыз етті. Бұл жайлы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.