Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсуі 13%-ды құрады. Негізгі салалар оң өсімді көрсетті. 10 ай ішінде ауыл шаруашылығында 9,3%, өнеркәсіпте 19,1%, құрылыста 30,1%, тұрғын үйді пайдалануға беруде 3,9%, инвестицияларда 7,3% өсу қамтамасыз етілді. Өңір үшін ауыл шаруашылығы экономиканың негізгі саласы болып табылады: агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімнің төрттен бір бөлігін құрайды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.