Күн жаңалықтары
08.12.2025
Жарияланымдар · 15
Мемлекет басшысы «2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Мемлекет басшысы Палестина Президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті
Президенттер әңгімелесу барысында Қазақстан және Палестина арасындағы достық, өзара құрмет пен қолдауға негізделген қарым-қатынасты одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті.
2026 жылы ОКҚ іс-шараларына қатысуға журналистерді аккредиттеу басталды
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі аккредиттеу қағидаларына сәйкес, 2026 жылы өтетін баспасөз іс-шараларына қатысу үшін БАҚ өкілдерін аккредиттеуді бастады.
WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық чемпионатына биыл 15 жаңа құзыреттілік қосылды
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астана қаласында 3 желтоқсанда басталған WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты жалғасуда. Биыл чемпионатқа қатысушылар саны 1,5 есе артты, былтыр бұл көрсеткіш 548 болса, биыл 825 студенттің қатысуына мүмкіндік берілді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
БҚО-да халықтың жайлы өмір сүруіне бағытталған жобалар қарқынды жүзеге асып жатыр
Батыс Қазақстан облысында 2023 жылдан бастап тұрғын үй құрылысына 44 млрд теңге бөлініп, 319 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 3698 пәтер халық игілігіне берілді. Өңір әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, биыл өңірде 19,2 млрд теңгеге 7 көпқабатты үй мен ауылдық жерлерде тағы 14 тұрғын үй, барлығы 1292 пәтер салынып жатыр. Әлеуметтік осал топтағы кезекте тұрған азаматтарға жыл соңына дейін 579 пәтер сатып алынады. Жалпы, 2023-2025 жылдарда облыс бойынша 5431 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Соның ішінде 1 733 пәтер ауылдық елді мекендерде пайдалануға берілді.
БҚО елді мекендері ауыз су және газбен толық қамтамасыз етілді
БҚО-да су, кәріз және жылу жүйелері кезең-кезеңімен жаңартылып келеді. 2023 жылдан бері құны 550 млн теңгені құрайтын жобалар аясында Орал жерасты су көзінде 6 жаңа ұңғыма бұрғыланып, су өндіру көлемі тәулігіне 40 мың текше метрге дейін артты. Сондай-ақ 2025 жылы жалпы құны 21,6 млрд теңгеге диаметрі 1000 мм су құбыры мен Орал жерасты су көздерін реконструкциялау жұмыстары басталды. Бұл жайлы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады.
БҚО-да жұмысшы мамандықтарына сұраныс тұрақты түрде артып келеді
Аймақта өнеркәсіп, көлік және құрылыс саласы, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы заманауи технологияларды меңгерген білікті кадрларды қажет етеді. Осыған байланысты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің рөлі айрықша артып отыр. Батыс Қазақстан облысының колледждерінде 15 мыңнан астам студент білім алуда. Соның ішінде 14 мыңға жуық жас дәл осы жұмысшы мамандықтарын меңгеріп келеді. Бүгінде дуальды оқыту жүйесі енгізіліп, оның аясында 3 мыңға жуық студент 33 мамандық және 52 біліктілік бойынша теорияны өндірістік тәжірибемен ұштастыра отырып білім алуда. Өңір әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында осылай деді.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы: БҚО-да 50 медициналық нысан пайдалануға берілді
Соңғы үш жылда Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 45%-ға азайды. Облыста жұмыссыздық деңгейі - 4,8%, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық 3,6%-ды құрап отыр. Жыл басынан бері өңірлік жұмыс орындарын құру картасына сәйкес Enbek.kz биржасы арқылы 27 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды, оның 18 мыңы – ауыл тұрғындары. Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында айтты.
«Қаладан ауылға» жобасының арқасында БҚО-да кадр тапшылығы мәселесі шешіліп жатыр
Батыс Қазақстан облысында іске қосылған «Қаладан ауылға» жобасы қысқа мерзім ішінде ауыл тұрғындары мен қоныс аударушылар тарапынан кең қолдау тапты. Жоба аясында қала аймақтарынан мыңға жуық тұрғыны бар 195 отбасы ауылға көшіп барды. Оның ішінде 600-і - бала. Қоныс аударған отбасылардың барлығы да баспанамен қамтамасыз етілді. Ауылдағы халық санын тұрақтандыру және экономикалық белсенділікті арттыруға бағытталған бағдарламаның нақты нәтижелері көріне бастады. Бұл жайлы өңір әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында хабарлады.
БҚО-да мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыру үшін суармалы егіншілік алқабын кеңейтуге 3 млрд теңге бөлінді
Батыс Қазақстан облысының табиғи климаттық ерекшеліктері мал өсіруге қолайлы. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің 60%-ы осы салаға тиесілі. Республика көлеміндегі етті бағыттағы ірі қара мал санының 42%-ы осы өңірде өсіріледі. Соңғы жылдары өңірдегі төрт түлік мал басы мен олардан алынатын өнім түрлері де тұрақты өсуде. Республика көлемінде облыс ірі қара мал басы саны бойынша 2-орында. Өңір әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Келер жылы БҚО-да қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін 70%-ға жеткізу көзделген
Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіп секторына 501 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 6,4%-ға артып, 281 млрд теңгеге жетті. 2025–2027 жылдары ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 68 млрд теңгені құрайтын 54 инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы 870 жұмыс орнын құру жоспарланған. Ал, биыл жалпы құны 15,4 млрд теңге болатын 18 жоба іске асырылуда. Олар: 1,5 мың га суармалы жерлерді айналымға енгізу бойынша 5 жоба, 4,8 мың тонналық 2 тауарлы сүт фермасы және 3000 басқа арналған бордақылау алаңы. Бұл жайында өңір әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Биыл республика бойынша 1,2 млн га егіс алқабын суаруға 11 млрд текше метр су жұмсалды
Елімізде су объектілерінің экологиялық орнықты жай-күйін қамтамасыз ету және су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында су тасқыны кезеңінде су ресурстарын реттеу жұмыстары жүріп жатыр. 2025 жылы судың жалпы ағыны 14-20 млрд текше метр деген болжам жасалды. Осыған орай тасқын суды қабылдау және қауіпсіз босату мақсатында алдын ала су қоймаларында қажетті бос көлемдер Комитет пен инспекциялар тарапынан қамтамасыз етілді. Су тасу кезеңінде нақты 16,7 млрд текше метр су келді. Су қоймаларында вегетацияға, экологиялық шараларға қажетті су көлемдері қамтылды. Бұл туралы ҚР СРИМ Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Еліміздің су инспекторларына барлық қажетті материалдық-техникалық жағдай жасалды
Су ресурстарын басқару, тиімді реттеу және қорғау жөніндегі жүйелі проблемаларды шешу үшін 2024 жылдың шілде айында Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылымында Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылды. Комитеттің негізгі міндеттері – мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету, су ресурстарын басқару саласындағы стратегиялық, реттеушілік, іске асыру, бақылау-қадағалау функцияларын орындау. Комитет құрылымында су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу бойынша 8 аумақтық бассейндік су инспекциясы жұмыс істейді. ҚР СРИМ Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында инспекциялардың қызметі жайында баяндады.
Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
АҢДАТПА!
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 55,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 494 кәсіпорны 10,4 мыңнан астам жұмыскерге 2,6 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 8 мыңға жуық фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.