Аймақта өнеркәсіп, көлік және құрылыс саласы, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы заманауи технологияларды меңгерген білікті кадрларды қажет етеді. Осыған байланысты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің рөлі айрықша артып отыр. Батыс Қазақстан облысының колледждерінде 15 мыңнан астам студент білім алуда. Соның ішінде 14 мыңға жуық жас дәл осы жұмысшы мамандықтарын меңгеріп келеді. Бүгінде дуальды оқыту жүйесі енгізіліп, оның аясында 3 мыңға жуық студент 33 мамандық және 52 біліктілік бойынша теорияны өндірістік тәжірибемен ұштастыра отырып білім алуда. Өңір әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында осылай деді.