Күн жаңалықтары
17.12.2025
Жарияланымдар · 5
Президент әкімшілік әділет мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды
Қалада экологиялық мәселелерді шешуге басымдық беріледі – Алматы әкімі
2026 жылдың соңына дейін Алматыда ЖЭО-2-ні табиғи газға көшіруді аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар ЖЭО-3-ті бу-газ технологиясына көшіру арқылы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар жиынтығында жылу көздерінен тараған зиянды шығарындыларды 92%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.
Алматы әкімі индустриялық аймақтарды кеңейту және көлік жүйесін дамыту туралы айтты
Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібін дамытуға басымдық бере отырып, жаңа инвестициялық циклді іске қосуды тапсырған болатын. Қазіргі таңда Алматыдағы Индустриялық аймақ пен «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында (АЭА) орналасуға инвесторлар тарапынан сұраныс қолда бар ұсыныстан асып отыр. Бұл туралы ОҚҚ көшпелі баспасөз конференциясында қала әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.
Өңірлерде жаңа білім беру нысандары пайдалануға берілді
Балабақшалар мен мектептер Астана, Алматы қалаларында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында ашылды. Алматыда Медеу ауданында екі білім беру нысанының техникалық ашылуы өтті – 140 орындық жаңа №195 балалар ясли-бақшасы және реконструкциядан өткен №99 мектеп. Мектепте химия, физика және биология кабинеттері, спорт залы, бейнелеу өнері кабинеті, сондай-ақ 100 орындық акт залын қамтитын инфрақұрылым жасалған. Оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген: заманауи өрт қауіпсіздігі жүйесі енгізілген, дабыл датчиктері орнатылған, ғимарат сейсмикалық күшейтуге алынған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Өңірлердегі 3 мың әйел жүкті әйелдерге арналған пансионаттарда көмек алды
2025 жылы Қазақстанда ана денсаулығын сақтау жүйесі күшейтіліп, әйелдерге арналған профилактикалық және мамандандырылған қызметтердің қолжетімділігі кеңейтілді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.