2026 жылдың соңына дейін Алматыда ЖЭО-2-ні табиғи газға көшіруді аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар ЖЭО-3-ті бу-газ технологиясына көшіру арқылы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар жиынтығында жылу көздерінен тараған зиянды шығарындыларды 92%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.