Күн жаңалықтары
25.12.2025
Жарияланымдар · 9
Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты
Президент жүрек соғысының бұзылуын жедел емдеуге маманданған медициналық мекемеге барды.
Президент Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты
Зауыт биыл жазда іске қосылған. Жобаға салынған инвестиция 1 миллиард теңгені құрайды.
Ауылдық денсаулық сақтау: 646 жаңа бастапқы медицина нысаны салынды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді
Президентке Жамбыл облысына инвестиция тарту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобалары таныстырылды.
«Заң мен тәртіп»: Премьер-министр мереке күндері құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік шаралары жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді. Жиында мереке күндеріндегі қауіпсіздік шаралары, жаңартылған тиісті заңнама нормаларын енгізу, сондай-ақ 2026 жылға арналған жоспар және Президенттің «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде атқарылған жұмыстардың нәтижелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары «Әмір және Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысудан басталды.
Топтық су құбырларын жөндеу арқасында 48 ауыл сумен қамтамасыз етілді
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен, сондай-ақ ЖАО-мен бірлесіп, ағымдағы жылы орталықтандырылғансумен жабдықтау жүйелерін дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асырып жатыр. Аталған жұмыс шеңберінде су шаруашылығы комитеті 2025 жылы бірқатар инфрақұрылымдық жобаны орындауға кірісті. Олар жайлы ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев ОКҚ брифингінде айтып берді.
Оңтүстік аймақтардағы 105 084 га суармалы алқаптағы ирригациялық-дренаждық жүйелер қайта жаңартылады
Су шаруашылығы комитеті «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, 2-кезең» жобасын іске асырумен айналысады. Жобаның мақсаты – Сырдария, Талас, Шу және Іле трансшекаралық өзендерінің бассейндерінде республикалық меншіктегі тозған ирригациялық және дренаждық жүйелерді реконструкциялау арқылы суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін және мелиорациялық жай-күйін жақсарту. Бұл туралы ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев ОКҚ алаңында хабарлады.
Еліміздің 6 өңірінде гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау бойынша12 жоба іске асып жатыр
Еліміздегі су инфрақұрылымының басым бөлігі кеңестік кезеңде салынған және жаңартылмаған. Бүгінгі таңда олар тозып, қалпына келтіруді қажет етеді. Соңғы жылдары ескірген гидротехникалық құрылыстарды кезең-кезеңімен реконструкциялау, суару жүйелерін жақсарту және жаңа су қоймаларын салу бойынша белсенді жұмыстар жүріп жатыр. Бұл су шығынын азайтуға және бірінші кезекте ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыруға ықпал етеді, өйткені жыл сайынғы су тұтынудың 60%-дан астамы осы саланың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалады. ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев ОКҚ брифингінде осылай деді.