Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

24.12.2025

Жарияланымдар · 21

ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің жұмыс нәтижелері

АҢДАТПА!

15:11Баспасөз хабарламалары

Биыл Жоғары деңгейдегі саяси форум аясында Қазақстан өзінің үшінші Ерікті ұлттық шолуын ұсынды

Қазақстанның халықаралық беделі кезең-кезеңімен нығайып келеді. Орнықты даму мақсаттарын іске асыру мәселелерін талқылауға және оңтайлы шешімдер табуға түрлі алаңда ерекше көңіл бөлінеді. Әр үш жыл сайын Қазақстан Орнықты даму жөніндегі Жоғары деңгейдегі саяси форумда Ерікті ұлттық шолуларын ұсынады. Бұл жайында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев ОКҚ алаңында мәлімдеді.

15:00Жаңалықтар

Орнықты даму мақсаттары қабылданған соңғы он жыл ішінде көптеген бағыт бойынша оң динамика байқалып отыр

Орнықты дамудың стратегиялық мақсаттарын жергілікті деңгейге бейімдеу Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі қолданыста. Осы жүйеге сәйкес Орнықты даму мақсаттарының ұлттық индикаторлары бағдарламалық және стратегиялық жоспарлау құжаттарына, соның ішінде өңірлік құжаттарға локализациялау арқылы  енгізіліп жатыр. ҚР ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев ОКҚ алаңында осылай деді.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Елімізде Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссия 11 отырыс өткізді

Орнықты даму мақсаттарының тарихы 2015 жылғы 25 қыркүйектен бастау алады. Дәл сол күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтерінде әлем көшбасшылары 2030 жылға дейінгі Орнықты даму саласындағы Күн тәртібін қабылдады. Орнықты даму саласындағы Күн тәртібі ауқымды әрі ұзақ мерзімді өзгерістерге бағдар береді. Ол әлеуметтік, экономикалық және экологиялық дамудың негізгі қырларын қамтитын Орнықты даму мақсаттарының 17 бағытын біріктіреді. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

14:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Президент Besqaru зауытымен танысты

Мемлекет басшысы шынжыр табанды және дөңгелекті бронды машиналар шығаратын, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсететін Besqaru зауытына барды.

14:16Жаңалықтар

Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесін аралап көрді

Президент Астананың №1 Индустриалдық паркінде орналасқан бірқатар кәсіпорынның қызметімен танысты.

13:23Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Tausogar зауытында болды

Елорда нысандарын аралау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Tausogar зауытына барды.

13:22Жаңалықтар

ЕсoQolday бағдарламасы аясында 77 шарт жасалды

Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөніндегі ЕсoQolday бағдарламасы 2024 жылы қайта іске қосылды. Бағдарламасы аясында қаптаманың/автокомпоненттердің қалдықтарын жинау және қайта өңдеу бойынша кәсіпорындармен 77 шарт жасалды. «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.

13:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

2026 жылы 5 ұлттық саябақта қалдықтарды бөлек жинау және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру шаралары өтеді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы шеңберінде қалдықтарды бөлек жинауды және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру бойынша жүйелі жұмыс іске асырылуда. Іс-шаралар 9 Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде өткізілді. Нәтижесінде қалдықтарды бөлек жинауға арналған 109 контейнер мен 13 модульдік станция орнатылды, 100-ге жуық баннер және 7 фандомат орналастырылған, 700 мың биологиялық ыдырайтын пакет таратылды, үш тілде 9 бейне түсірілді. «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов ОКҚ брифингінде хабарлғандай, 2026 жылы осындай жұмыс тағы 5 ұлттық саябақты қамтиды.

12:50Жаңалықтар

Экоколдауға қосылған кәсіпорындарға 900 млн теңге төленді

«Жасыл даму» АҚ бүгінде экологиялық салада бірқатар негізгі функцияны орындайды. Қоғам шығарындылар саудасы жүйесінің және сот шешімі бойынша республикалық меншікке берілген иесіз қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі оператор болып табылады. 2022 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша компанияға өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері бойынша оператор функциялары берілді. «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов ОКҚ алаңында қалдықтарды басқару саласындағы қызметті жүзеге асыратын бизнес субъектілеріне көрсетілетін қолдау шаралары мен ұйым жұмысы туралы айтты.

12:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

«Жасыл даму» АҚ-ға Қалдықтарды басқару жөніндегі ұлттық орталық мәртебесін беру көзделіп отыр

Қалдықтардың барлық түрлерін басқару жөніндегі тұжырымдаманың тағы да бір бағыты қалдықты басқару саласында халық пен бизнестің экологиялық мәдениетін арттыру болып табылады. Ашық есеп беру арқылы бизнестің жауапкершілігін ынталандыру Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасының принципіне сәйкес келеді. Бұл жайында ҚР ЭТРМ Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Руслан Тукенов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

12:30Жаңалықтар

Қалдық түрлері заң жүзінде бір жүйеге келтіріледі

Қалдықты басқарудың қолданыстағы нормалары бірнеше кодексте, заңдарда және заңға тәуелді актілерде көрсетілуі талаптардың сәйкес келмеуіне және функциялардың қайталануына әкелді. Бұл қалдықтарды басқарудың бірыңғай тиімді жүйесін жасауға кедергі болуда. Мысалы, Жер қойнауы туралы Кодексте техногенді минералдар қалдық болып табылады, ал Экологиялық кодексте осы мәселе реттелмеген. Бұл жайлы ҚР ЭТРМ Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Руслан Тукенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

12:20Жаңалықтар

ҚР ЭТРМ өкілі Қалдықтардың барлық түрлерін басқару жөніндегі тұжырымдаманы таныстырды

Қалдықтарды дұрыс басқару – өңіріміздің экологиясы мен халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Экономиканың өсуі, құрылыс көлемінің артуы және тұтынудың өзгеруі барлық санаттағы қалдықтардың көбеюіне алып келді. Қалдықтарды басқару саласы өзара байланысты экологиялық, экономикалық және институционалдық сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Осы орайда, саладағы проблемалық мәселелерді ескере отырып, Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес жинақталған проблемаларды жүйелі шешуге бағытталған Қалдықтардың барлық түрлерін басқару жөніндегі тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдама заңнамаға сәйкес қоғамдық ұйымдармен, қауымдастықтармен, мемлекеттік органдармен келісуден өтті, яғни жан-жақты қаралды. Бұл туралы ҚР ЭТРМ Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Руслан Тукенов ОКҚ брифингінде хабарлады.

12:10ОКҚ баспасөз іс-шаралары

@TazaQazBot чат-ботына 25 мыңнан астам өтінім түсті

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы маңызды элементтердің бірі цифрлық қоғамдық бақылау тетіктерін енгізу болды. 2024 жылдың маусымында ҚР ЭТРМ @TazaQazBot чат-ботын іске қосты. Ол азаматтарға елді мекендерді абаттандыру және санитарлық жағдай бойынша өтініш беруге мүмкіндік береді, яғни фотосурет тіркеуге, нақты мекен жай көрсетуге және мәселені қысқаша сипаттауға болады. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожиков ОКҚ алаңында осылай деді.

12:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қалдықтармен жұмыс саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілік артты

Ғарыштық бақылау негізінде анықталған қоқыс үйінділері уақытылы жойылады. Әкімдіктер аумақтарды жинау бойынша шаралар қабылдайды, алайда бұл жұмыс барлық өңірде бірдей тиімді жүргізілмейді. Өкілеттіктерін тиісінше орындамағаны үшін 2025 жылы жергілікті атқарушы органдардың 165 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожиков ОКҚ брифингінде осылай деді.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Елімізде рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің саны азайып келеді

Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің болуы ірі қалалар мен аудандық елді мекендердің өзекті мәселесіне айналып отыр. Қалдықтармен жұмыс істеудің жүйелі тәсілінің болмауы, жекелеген жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі, сонымен қатар экологиялық мәдениеттің төмен деңгейі мен қоршаған ортаға тікелей зиян келтіретін стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болуына әкеледі. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, қалдықтарды орналастырудың рұқсат етілмеген орындарын анықтау және жою бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Жұмыстар Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында және ғарыштық бақылау негізінде жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері республика бойынша 3,8 мың рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды, олардың 94%-ы жойылды. Бұл туралы ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожиков ОКҚ брифингінде хабарлады.

11:40Жаңалықтар

1800-ден астам индустриялық сертификаттардың иелері Тізілімге автоматты түрде ауыстырылған

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстандық тауар өндірушілерінің тізілімі» цифрлық платформасы іске қосылды. Ол e-ondiris.gov.kz сайтындағы барлық пайдаланушыларға қолжетімді және барлық бизнес бүгін тіркеуге өтініш бере алады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:45Президенттің тапсырмалары

Қазақстан жасанды интеллектіні енгізуге дайындық бойынша Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр

Oxford Insights халықаралық талдау орталығы жариялаған Government AI Readiness Index 2025 рейтингінде Қазақстан әлемнің 195 мемлекеті арасында 60-орынға ие болып, бір жыл ішінде бірден 16 позицияға жоғарылады. Бұған дейінгі (2024 жылғы) рейтингте еліміз 76-орында тұрған еді. Өңірлік бөліністе Қазақстан Орталық Азия елдері арасында жасанды интеллектіні енгізу және басқару деңгейі бойынша көш бастап, «аймақтағы ең дамыған цифрлық мемлекеттердің бірі» мәртебесін растады, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

10:06Жаңалықтар

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,8 трлн астам теңгеге зейнетақы төленді

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 трлн 868 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 трлн 252,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 трлн 615,6 млрд теңге қарастырылды. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 524 мың адам, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:45Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы» Жарлыққа қол қойды

09:32Мемлекет басшысының қызметі