Қалдықты басқарудың қолданыстағы нормалары бірнеше кодексте, заңдарда және заңға тәуелді актілерде көрсетілуі талаптардың сәйкес келмеуіне және функциялардың қайталануына әкелді. Бұл қалдықтарды басқарудың бірыңғай тиімді жүйесін жасауға кедергі болуда. Мысалы, Жер қойнауы туралы Кодексте техногенді минералдар қалдық болып табылады, ал Экологиялық кодексте осы мәселе реттелмеген. Бұл жайлы ҚР ЭТРМ Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Руслан Тукенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.