Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің болуы ірі қалалар мен аудандық елді мекендердің өзекті мәселесіне айналып отыр. Қалдықтармен жұмыс істеудің жүйелі тәсілінің болмауы, жекелеген жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі, сонымен қатар экологиялық мәдениеттің төмен деңгейі мен қоршаған ортаға тікелей зиян келтіретін стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болуына әкеледі. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, қалдықтарды орналастырудың рұқсат етілмеген орындарын анықтау және жою бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Жұмыстар Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында және ғарыштық бақылау негізінде жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері республика бойынша 3,8 мың рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды, олардың 94%-ы жойылды. Бұл туралы ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожиков ОКҚ брифингінде хабарлады.