Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 трлн 868 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 трлн 252,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 трлн 615,6 млрд теңге қарастырылды. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 524 мың адам, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.