Қалдықтардың барлық түрлерін басқару жөніндегі тұжырымдаманың тағы да бір бағыты қалдықты басқару саласында халық пен бизнестің экологиялық мәдениетін арттыру болып табылады. Ашық есеп беру арқылы бизнестің жауапкершілігін ынталандыру Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасының принципіне сәйкес келеді. Бұл жайында ҚР ЭТРМ Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Руслан Тукенов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.