Күн жаңалықтары
23.01.2026
Жарияланымдар · 14
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын Италиядағы XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен XIV Қысқы Паралимпиаданы айрықша маңызды оқиға деп атады.
Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдады
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жеке денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру тетіктерін қайта қарау жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдады. Құжатта стандарттардың сақталуын бақылауды қатаңдату, сапа индикаторларын кеңейту жолымен қосарланған қаржыландыруды, цифрлық мониторингті, медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған шаралар кешені қарастырылған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Fabe Polska компаниясы Қазақстанда құны 69 млрд теңге болатын жылыжай кешенін салады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Fabe Polska компаниясының басқарма төрағасы Фатих Будан жылыжай саласын дамытуға бағытталған ірі жобаны іске асыру жөніндегі инвестициялық келісімге қол қойды. Жоба аясында Шымкент қаласында жылына 38 мың тонна қызанақ өндіретін заманауи жылыжай кешенін салу жоспарлануда. Жобаның жалпы инвестиция көлемі шамамен 69 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Премьер-министр салық реформасы бойынша түсіндіру жұмыстарының барысымен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің халыққа Жолдауында және Ұлттық құрылтайда алға қойған міндеттері аясында Электронды қаржы орталығының (ЭҚО) цифрлық инфрақұрылымымен және халық пен бизнеске салық реформасы туралы жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекеттік қызметтер 24/7: Қазақстан цифрлық мемлекет архитектурасын қалыптастыруды көздейді
Цифрлық кодекс аясында Қазақстанда ақпараттандырудан басқарудың архитектуралық моделіне көшу жоспарланып отыр. Бұл модель туралы ОКҚалаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун кеңірек айтып берді.
Қазақстанда цифрлық деректер нарығы ашық болмақ: жаңа талаптар енгізіледі
Қазақстанда алғаш рет цифрлық деректер өнімі ұғымы, сондай-ақ олармен алмасуға арналған платформа енгізіледі. Сонымен қатар елде цифрлық деректер экономикасы бойынша уәкілетті орган құру жоспарланып отыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді.
Цифрлық кодекс: деректер мен цифрлық жүйелер үшін киберқауіпсіздіктің түрлі деңгейлері қолданылады
ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Цифрлық кодекстің деректерді жүйелеудегі және жасанды интеллектіні дамытудағы рөлі туралы баяндады.
Цифрлық кодекс: ЭЦҚ мен push-хабарламаларды қолдану салалары айқын ажыратылды
Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінде цифрлық ортадағы құқықтық қатынастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған екі өзгерістер блогы көзделген. Соның бірі – цифрлық сәйкестендіру мен аутентификациясыз қызметтер алу мен мәмілелер жасауға жол бермеу. Нақты тәртіп белгіленіп, цифрлық хабарландыру режимі де нақтыланды. Мемлекеттік қызметтер мен сервистер бойынша хабарламаларды оқығанын растау арқылы бірыңғай хабарлау орны қарастырылған. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Цифрлық кодекс: биометриялық ақпаратты қорғаудың ерекше режимі енгізіледі
Цифрлық кодекске сәйкес, Қазақстанда биометриялық ақпаратты қорғаудың ерекше режимі енгізіледі. Биометриялық деректер – жеке деректердің бір түрі. Сондықтан келісім алудың барлық рәсімі сақталуға тиіс. Егер заң деңгейінде биометриялық деректерді міндетті түрде пайдалану көзделмесе, онда оларды қолдану қатаң түрде адамның келісімімен ғана жүзеге асырылуы қажет. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Мәжіліс депутаты Цифрлық кодекстің негізгі қағидаттарын атады
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Цифрлық кодекс тұжырымдамасы туралы баяндады. Құжат 7 негізгі бөлімнен тұрады. Оның айтуынша, Кодекстің басты мақсаты – адамның цифрлық ортада қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету, құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдалану кезінде қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін сақтау.
Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде жыл сайын қандай фейктер таралады. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы
Ақтөбе облысында көпбейінді аурухананың базасында ревматологиялық бөлімше ашылды
Ақтөбе облысында мамандандырылған медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында көпбейінді аурухананың базасында ревматологиялық бөлімше ашылды. Бейіндік бөлімшенің ашылуы ревматологиялық аурулардың ерте диагностикасын жақсартуға, емдеуді уақтылы бастауға, асқыну қаупін азайтуға және пациенттердің өмір сүру сапасын арттыруға жағдай жасайды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен жылы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен 5,5 млн астам қазақстандық қамтылған
2025 жылы жұмыс берушілер 5 млн 514 мың жұмыскердің пайдасына 760 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2025 жылы қазақстандықтарға 4 трлн 225 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді
2025 жылы республикалық бюджеттен 4 трлн 225 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 368,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 856,6 млрд теңге қарастырылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 491 мың адам, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.