Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінде цифрлық ортадағы құқықтық қатынастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған екі өзгерістер блогы көзделген. Соның бірі – цифрлық сәйкестендіру мен аутентификациясыз қызметтер алу мен мәмілелер жасауға жол бермеу. Нақты тәртіп белгіленіп, цифрлық хабарландыру режимі де нақтыланды. Мемлекеттік қызметтер мен сервистер бойынша хабарламаларды оқығанын растау арқылы бірыңғай хабарлау орны қарастырылған. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.