Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

22.01.2026

Жарияланымдар · 14

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

19:34Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды.

17:10Жаңалықтар

Қазақстандық жоғары оқу орындары кәсіптік даярлық пен азаматтық тәрбиені қалай үйлестіреді

Білім беру саласында жүргізіліп жатқан барлық реформа Мемлекет басшысы айқындаған берік құндылықтар негізіне сүйеніп, жоғары оқу орындарының қызметінде іс жүзінде көрініс тауып жатыр. Бүгінде Қазақстанның жоғары оқу орындары тек кадр даярлау орталығы ғана емес, сонымен қатар жастардың азаматтық жетілуін, жауапкершілігін және ұлттық сана-сезімін қалыптастыру кеңістігі болып табылады.  Жоғары білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысы заманауи ұлттық идеология мен қоғамның базалық құндылықтарына сай жүйелі түрде құрылған. ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.

15:30ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда жасанды интеллект саласында кадрлар даярлау үшін 12 шетелдік жоғары оқу орны тартылды

Цифрлық мемлекетке көшу кезінде цифрландыру және ЖИ-ді енгізу үшін жоғары білікті кадрлар қажет. Осы мәселені шешу үшін экономиканың трансформациясы кадрларды жедел даярлауды талап ететін салаларға: инженерия, ИТ және жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша әлемнің жетекші университеттері тартылып жатыр. Бұл жайлы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында хабарлады.

15:20ОКҚ баспасөз іс-шаралары

ЖИ-дің арқасында педагогтердің жүктемесі азаяды

Еліміздің 95 жоғары оқу орны жасанды интеллект бойынша пәндерді енгізді. ЖИ, кезіндегі компьютерлік дағдылар сияқты, базалық сауаттылыққа айналуда. Қазақстан бұл бағытта жүйелі түрде алға жылжып келеді. Сондай-ақ ЖИ, инжиниринг және ЖИ цифрлық технологиялары бойынша жаңа білім беру бағдарламалары бойынша даярлау басталды. 30 жоғары оқу орны ЖИ бойынша 42 білім беру бағдарламасын енгізді, олардың қатарында: «Қолданбалы ЖИ», «ЖИ және блокчейн инженериясы», «Медицинадағы ЖИ» және т.б. бар. Онда бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша 2 815 студент білім алуда. Бұл жайында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

15:10Жаңалықтар

Кәсіпорындар студенттерді даярлауға белсенді атсалысып жатыр

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Quacquarelli Symonds-пен бірлескен еңбек саласындағы предиктивті талдау бастамаларын қолға алды. Болжамдар бойынша жасанды интеллект Қазақстандағы жұмыспен қамту саласын айтарлықтай өзгертеді. 2035 жылға қарай мамандықтардың шамамен 53%-ы ішінара автоматтандырылады – ең алдымен күнделікті қайталанатын тапсырмалар көп орындалатын бухгалтерия, қаржы, логистика және әкімшілік жұмыс салаларында. ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.

15:00Жаңалықтар

Жаңа мамандықтар атластары әзірленді

Бүгінгі таңда елімізде жоғары білімі бар кадрларды даярлауды 127 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (ҚР жоғары оқу орындары, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары, ғылыми орталықтар мен институттар) 8,5 мыңнан астам білім беру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырып жатыр. Соңғы бір жылда бағдарламалардың 85%-ы кәсіби стандарттарды ескере отырып жаңартылды. 2025 жылы кәсіби стандарттар негізінде реестрге 727 жаңа білім бағдарламасы енгізілді, 5 607-сі жаңартылды. Осылайша, жоғары оқу орындары «білімге негізделген» модельден құзыреттілік моделіне, формалды сәйкестіктен – «білім беру, еңбек нарығы» арасындағы мазмұнды әрі нақты байланысқа көшуде. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

14:50Жаңалықтар

Білім беру гранттары әлеуметтік әділдік қағидаттарына сәйкес бөлінді

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында еліміздің жоғары білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер, яғни мемлекеттің экономика, қоғам және жастар тарапынан туындаған сұраныстарға қалай жауап беріп жатқаны және қандай жүйелі шешімдер жүзеге асырылып жатқаны туралы айтты.

14:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Цифрлық кодекс – Қазақстанның цифрлық негізі

АҢДАТПА

12:11Баспасөз хабарламалары

Елімізде пара және сурдоспорт инфрақұрылымы жүйелі түрде кеңейіп келеді

Ақтөбеде ерекше қажеттіліктері бар спортшыларды жүйелі түрде дайындауға арналған «Қуат» заманауи инклюзивті спорт кешені пайдалануға берілді. Спорт нысаны Мемлекет басшысының қолжетімді спорт инфрақұрылымын қалыптастыру және ерекше қажеттілігі бар азаматтардың спортпен тұрақты түрде шұғылдану мүмкіндігін кеңейту жөніндегі тапсырмаларын іске асырудың бір бөлігі, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

12:11Президенттің тапсырмалары

Көлік министрлігі Мемлекет басшысының автожол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындауға кірісті

V Ұлттық құрылтайда қабылданған шешімдер аясында Көлік министрлігі елдің автожол инфрақұрылымын жаңғырту мен транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған Президент тапсырмаларын орындауға кірісті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

11:08Президенттің тапсырмалары

Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде фармацевтика саласында отандық өндіріс үлесін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:08Жаңалықтар

2025 жылы 292 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек 54,4 мың отбасындағы 292,7 мың адамға 33,4 млрд теңге сомасында тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:19Жаңалықтар

Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе апта сайын бизнес мәселесін қарайды

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бірінші кеңес өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:06Президенттің тапсырмалары