Еліміздің 95 жоғары оқу орны жасанды интеллект бойынша пәндерді енгізді. ЖИ, кезіндегі компьютерлік дағдылар сияқты, базалық сауаттылыққа айналуда. Қазақстан бұл бағытта жүйелі түрде алға жылжып келеді. Сондай-ақ ЖИ, инжиниринг және ЖИ цифрлық технологиялары бойынша жаңа білім беру бағдарламалары бойынша даярлау басталды. 30 жоғары оқу орны ЖИ бойынша 42 білім беру бағдарламасын енгізді, олардың қатарында: «Қолданбалы ЖИ», «ЖИ және блокчейн инженериясы», «Медицинадағы ЖИ» және т.б. бар. Онда бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша 2 815 студент білім алуда. Бұл жайында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.