Күн жаңалықтары
21.01.2026
Жарияланымдар · 10
Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы Жарлыққа қол қойды
354 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды
2025 жылдың қорытындысы бойынша жұмысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алушылардың саны 354,2 мың адамды құрады. Бұл ретте 2025 жылы 311,9 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 130,4 млрд теңге болды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Президент бастамалары бұрын жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы – Олжас Бектенов
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың 5-ші отырысында сөйлеген сөзінің қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді. Онда жаңа Салық кодексінің нормаларын жетілдіру, ЖИ енгізу және цифрландыру, энергетика мен мұнай-газ, көлік пен логистика, сауда, су ресурстары саласын, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік, мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытуды қоса алғанда, басым бағыттарға назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қырғызстанмен келіссөз нәтижесінде Жамбыл облысының шаруалары сумен толық қамтамасыз етілді
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Шу және Талас өзендері бойынша ынтымақтастық 2000 жылы қол қойылған Келісім негізінде табысты дамып келеді. Осы құжат аясында Шу-Талас су шаруашылық комиссиясы тұрақты түрде жұмыс істейді, жылына кемінде екі рет су шаруашылық нысандарын бірлесіп күтіп ұстау мәселелерін қарайды, олардың жұмыс режимдерін үйлестіреді және су беру кестесін вегетациялық кезеңге бекітеді. ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында осылай деді.
Қазақстан Орталық Азияның барлық көршілес елдерімен трансшекаралық сулар мәселесі бойынша құқықтық базаны қалыптастыруды аяқтады
Қазақстан Республикасының Орталық Азияның көршілес мемлекеттерімен ынтымақтастығы терең тарихи тамырларға және институттық тұрақты негізге ие, ол әлі Кеңес дәуірінде қаланған және тәуелсіздік алғаннан кейін сақталған. Сырдария өзені бассейні бойынша ынтымақтастықтың құқықтық негізі 1992 жылғы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан арасында мемлекетаралық су ресурстарын бірлесіп басқару туралы жасалған Келісім болды. Бұл туралы ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Балқаш көлінің деңгейі 341 метрден асты
Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 2001 жылғы келісім аясында жүзеге асырылады. Келісімнің нормаларын іске асыру мақсатында екіжақты Бірлескен комиссия және жұмыс топтары қызмет етеді. ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ брифингінде Қытай тарапымен ынтымақтастық жылдарында атқарылған бірнеше бірлескен жоба туралы айтты.
Қазақстан және Ресей Федерациясының үйлескен жұмысының арқасында Қамыш-Самар көлдер жүйесі мен Каспий теңізі суға толды
Қазақстанның ішкі және трансшекаралық су ресурстарын басқару саласында ынтымақтастық орнатқан елдердің бірі –Ресей Федерациясы. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы су саласындағы ынтымақтастық 2010 жылдан бастап қолданыстағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы үкіметаралық келісім негізінде жүзеге асырылады. Аталған келісім аясында Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясы, сондай-ақ Ертіс, Есіл, Тобыл және Жайық өзендерінің бассейндері бойынша жұмыс топтары құрылған. Бұл құрылымдар тараптардың өзара іс-қимылын үйлестіруге, ағымдағы мәселелерді жедел талқылауға және келісілген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Қазақстан трансшекаралық су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану үшін көрші мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатуда
Трансшекаралық су ресурстарын қорғау және оларды ұтымды пайдалану мәселесі Су ресурстары және ирригация министрлігінің қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі және елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан стратегиялық маңызға ие. Қазақстанда 8 су шаруашылығы бассейні бар, олардың жетеуі көршілес мемлекеттермен шектеседі. Жалпы алғанда, осы 7 су шаруашылығы бассейнінде су ресурстары Қытай Халық Республикасымен, Ресей Федерациясымен, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерімен бірлесіп қалыптасатын және пайдаланылатын 58 трансшекаралық өзен бар. Трансшекаралық су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл қолданыстағы үкіметаралық келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Қазақстанда мемлекеттік функциялар тізілімін цифрландыру жүргізілуде
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында мемлекеттік аппаратты ауқымды цифрлық жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол елімізде мемлекеттік функциялар тізілімін цифрландыру жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жасанды интеллект көмегімен функционалды талдау жүзеге асырылады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Қазақстанда жеке медициналық және білім беру ұйымдарын қаржыландыру тетіктері қайта қаралады
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтылған тапсырмалары шеңберінде білім беру және денсаулық сақтау салаларын қаржыландыру мәселелері түбегейлі қайта қаралатынын хабарлады. Ол бүгінде білім беру саласында пилоттық режимде жекеменшік мектептерді цифрлық есепке алуды, негізгі процестерді автоматтандыруды және бюджеттеу жүйесімен синхрондауды көздейтін жаңа тетік енгізілгенін атап өтті. Нәтижесінде 785 жекеменшік мектеп толық цифрландырылды, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.