Қазақстанның ішкі және трансшекаралық су ресурстарын басқару саласында ынтымақтастық орнатқан елдердің бірі –Ресей Федерациясы. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы су саласындағы ынтымақтастық 2010 жылдан бастап қолданыстағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы үкіметаралық келісім негізінде жүзеге асырылады. Аталған келісім аясында Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясы, сондай-ақ Ертіс, Есіл, Тобыл және Жайық өзендерінің бассейндері бойынша жұмыс топтары құрылған. Бұл құрылымдар тараптардың өзара іс-қимылын үйлестіруге, ағымдағы мәселелерді жедел талқылауға және келісілген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.