ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Quacquarelli Symonds-пен бірлескен еңбек саласындағы предиктивті талдау бастамаларын қолға алды. Болжамдар бойынша жасанды интеллект Қазақстандағы жұмыспен қамту саласын айтарлықтай өзгертеді. 2035 жылға қарай мамандықтардың шамамен 53%-ы ішінара автоматтандырылады – ең алдымен күнделікті қайталанатын тапсырмалар көп орындалатын бухгалтерия, қаржы, логистика және әкімшілік жұмыс салаларында. ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.