Цифрлық кодекске сәйкес, Қазақстанда биометриялық ақпаратты қорғаудың ерекше режимі енгізіледі. Биометриялық деректер – жеке деректердің бір түрі. Сондықтан келісім алудың барлық рәсімі сақталуға тиіс. Егер заң деңгейінде биометриялық деректерді міндетті түрде пайдалану көзделмесе, онда оларды қолдану қатаң түрде адамның келісімімен ғана жүзеге асырылуы қажет. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.