Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

26.01.2026

Жарияланымдар · 10

Конституциялық комиссияның үшінші отырысы: парламенттік фракциялардың жетекшілері ұсыныстарын айтты

Астанада өткен Конституциялық комиссияның үшінші отырысында Парламенттегі партиялардың фракцияларының жетекшілері: «AMANAT» партиясынан Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясынан Серік Егізбаев, «Ақ жол» партиясынан Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан Асхат Рахымжанов, «Respublika» партиясынан Айдарбек Қожаназаров және Қазақстан халық партиясынан Магеррам Магеррамов сөз сөйледі.

19:37Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысы Премьер-министр Нарендра Модиға Үндістанның Республика күніне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

18:44Мемлекет басшысының қызметі

Президент Бас прокуратурада жиын өткізді

Мемлекет басшысы елімізде ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын және алдымызда Конституциялық реформа жүргізу, мүлде жаңа саяси жүйеге қадам басу міндеті тұрғанын айтты.

15:07Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда Өңірлік экологиялық саммит өтеді

2026 жылдың 22-24 сәуірі аралығында Қазақстан астанасында қоршаған орта мен су ресурстары проблемаларын талқылау және өзекті мәселелер бойынша келісімдерге қол жеткізу үшін мемлекет басшыларын, сарапшылар және халықаралық ұйымдардың жетекшілерін бір алаңда біріктіретін алғашқы Өңірлік экологиялық саммит өтеді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

14:36Президенттің тапсырмалары

2026 жылы энергокешенді цифрландыру бойынша қандай жұмыстар атқарылады?

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Энергетика министрлігі отын-энергетика кешенінің негізгі процестеріне жасанды интеллект технологияларын жүйелі түрде енгізіп келеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

12:54Президенттің тапсырмалары

2025 жылы 6,2 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

2025 жылдың қорытындысы бойынша 6289 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 6675 адам өтініш білдірген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

12:50Жаңалықтар

Аралық қорытындылар: 90 мың адам қаңтар ҰБТ-сын тапсырды

2026 жылғы қаңтар ҰБТ-сы басталғаннан бері 90 мыңға жуық адам өтті. Талапкерлердің 72%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 28%-ы орыс тілінде және 71 адам ағылшын тілінде тапсырды. Екі аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 65%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 61 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 138 балл, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

12:40Жаңалықтар

Конституциялық комиссияның екінші отырысы: келіп түскен ұсыныстарды талқылау

Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр. Іс-шара конституциялық реформаға байланысты келіп түскен ұсыныстарды талқылауға арналды. Комиссия жұмысы ашықтық пен жариялылық қағидаттарына негізделген, ал талқылаудың барлық кезеңдері жұртшылық үшін тікелей эфирде көрсетілуде.

12:15Президенттің тапсырмалары

Қызылорда облысының аудандық ауруханасында қайтарылған активтер есебінен инфекциялық бөлімше салынды

Қызылорда облысының Арал ауданында көпбейінді аудандық орталық ауруханада 25 төсек-орындық инфекциялық бөлімше ашылды. Жаңа бөлімше жіті инфекциялық аурулар кезінде ересектер мен балаларға жедел медициналық көмек көрсетуге, ерте анықтау және емдеуді бастау арқылы аурудың асқынуы мен ауыр ағымының қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Инфекциялық бөлімшенің құрылысы 2,3 млрд теңге сомаға қайтарылған активтердің есебінен қаржыландырылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

09:27Президенттің тапсырмалары

2025 жылы 207 мыңнан астам қазақстандық арнайы мемлекеттік жәрдемақы алды

Қазақстанда ел алдындағы айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, аталмыш жәрдемақыны алушылардың саны 207,2 адамды құрады,  оларға 26,7 млрд теңге төленді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:12Жаңалықтар