Қазақстанда ел алдындағы айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, аталмыш жәрдемақыны алушылардың саны 207,2 адамды құрады, оларға 26,7 млрд теңге төленді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.