Күн жаңалықтары
27.01.2026
Жарияланымдар · 12
Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.
Мемлекет басшысы Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Гидеон Саардың сапары Израильдің Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растайды.
Денсаулық сақтау министрлігі инсульт пен онкологиялық ауруларды диагностикалау үшін ЖИ-сервистерді қолдануды кеңейтуді жоспарлап отыр
Қазақстанда әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте диагностикалауға және медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған денсаулық сақтаудағы басым ЖИ-жобалардың тізбесі қалыптастырылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды
Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды
Қазақстанда геологиялық деректерді жасанды интеллект көмегімен цифрландыру бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр
Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауында геологиялық ақпараттың толық цифрландырылып, жүйелендірілуін жеделдетудің маңыздылығын атап өтті, әсіресе бұл процесті жасанды интеллект арқылы жүзеге асыру қажеттігін көрсетті. Осыған байланысты қазіргі уақытта елімізде геологиялық деректерді сақтау, жүйелендіру және тиімді пайдалану үшін жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша толыққанды жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатта «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ жасанды интеллект қолданылатын ақпараттық жүйе (Big Data) құру жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
2025 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар 1,5 мыңнан астам тексеру жүргізді
2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар 1 577 тексеру жүргізді, оның 535 – жоспардан тыс, 638 – профилактикалық бақылау аясында, 404 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 770 ұйғарым берілді, 96,6 млн теңгеден астам сомаға 414 айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Үкіметте «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы таныстырылды
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде әзірленген 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын ұсынды. Тұжырымдама Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және бейінді министрліктермен бірлесіп дайындалған әрі балалардың құқықтарын қорғау саласында қабылданатын шаралардың дәйектілігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Қазақстанда туризмге салынған инвестиция көлемі 32%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгеден асты
Халықаралық туристерді тарту және заңнамалық қолдау – Президенттің саланың даму қарқынын екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын орындауға басты негіз. Үкімет отырысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс қорытындылары мен жоспарлары туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстан халқы Холокост жылдарында қаза болған миллиондаған жазықсыз құрбанды еске алатынын атап өтті.
2025 жылы қазақстандықтарға 746 млрд теңгеге жуық сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді
2025 жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 655,7 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 90,3 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Өңірлер 2026 жылы әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен көктемгі егіс жұмыстарын даярлау және өткізу жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.