Күн жаңалықтары
28.01.2026
Жарияланымдар · 10
Конституциялық реформа: түзетулер Ата заң мәтінінің 84%-ын қамтиды
Бүгін Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық реформа комиссиясының мүшелеріне Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын таныстырды. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдардан және сарапшылардан түскен барлық ұсыныстардың негізінде әзірленді.
Мемлекет басшысы қазақстандық IT-кәсіпкерлер Ерзат Дулат пен Мұрат Әбдірахмановты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Higgsfield AI стартапының техникалық директоры Ерзат Дулатпен және MA7 Ventures венчурлік платформасының негізін қалаушы Мұрат Әбдірахмановпен кездесіп, жасанды интеллектіні экономикаға, мемлекеттік басқару ісіне және әлеуметтік салаға жүйелі түрде енгізу, сондай-ақ IT-кәсіпкерлікті, венчурлік және AI-индустрияны дамыту мәселелерін талқылады.
Премьер-министр шетелдік инвестициялар тарту мәселесі бойынша кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Бас прокурор Берік Асыловтың, Үкімет басшылығы және министрлер мен өңір әкімдерінің, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек» ҰИХ, «Kazakh Invest» ҰК, «Атамекен» ҰКП басшылығының қатысуымен жаңа инвестициялық циклді іске қосу және сапалы инвестициялар көлемін арттыру жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді
Президент сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, осыдан бес жыл бұрын, ел ішінде ауқымды өзгерістер қолға алынып жатқан тарихи кезеңде құрылған Қаржылық мониторинг агенттігі өзіне жүктелген жауапкершілік пен міндетті абыроймен орындап келе жатқанына назар аударды.
Қыс мезгілінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету: авариялық-құтқару жұмыстары және тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі
АҢДАТПА!
Денсаулық сақтау министрлігі 2030 жылға қарай балалардың профилактикамен қамтылуын 66%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы шеңберінде 5 жыл бойы балаларды профилактикалық қарап-тексерулермен және патронажбен қамтуды 50%-дан 66%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл ретте бір мезгілде медициналық инфрақұрылымның тозуын 42%-дан 30%-ға дейін төмендету жоспарлануда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады
2025 жылы 16,8 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2025 жылдың қорытындысы бойынша 16 805 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 164,8 мың этникалық қазақ оралды. Қазақстанға келген қандастардың 44,5%-ы Өзбекстаннан, 44,1% – Қытайдан, 4% – Түрікменстаннан, 3% – Монғолиядан, 2,5% – Ресейден және 1,9% – басқа елдерден, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Отандық тауар өндірушілерімен жасалған келісімшарттар көлемі 23%-ға артты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алу жүйесін жаңғырту міндетін қойды. Осы тапсырма шеңберінде 2025 жылғы қаңтардан бастап күшіне енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң қабылданды. Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл қабылданған шаралар нарық қатысушылары үшін де, жалпы жүйе үшін де айтарлықтай нәтиже көрсете бастағанын айтты. Заң тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілер үшін ашық әрі бәсекеге қабілетті жағдай қалыптастыруға мүмкіндік беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Бүгін қаржылық мониторинг органдарының қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді
Қазақстанда 28 қаңтар – Қаржылық мониторинг органдары күні. Бұл – мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға, қаржы процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған сала мамандарының кәсіби мерекесі.