Күн жаңалықтары
29.01.2026
Жарияланымдар · 11
Конституциялық комиссияның отырысында жаңа Конституция мәселесін қарау ұсынылды
Конституциялық комиссияның кезекті отырысында оның мүшелері жұмыс топтары шеңберінде пысықталған бірқатар мәселелер бойынша ұсыныстарын білдірді. Ұсыныстардың бірі – жаңа Ата Заң мәселесін қарау.
Үкімет барлық салада инвесторлармен сындарлы диалог орнатуға әзір – Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Инвесторларды қолдау және Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді кеңінен қолдана отырып, жаңа буынның жоғары технологиялық өндірістерін бірлесіп қалыптастыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімін қабылдады
Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ негізгі қала құрылысы мен инфрақұрылым жобаларының жүзеге асырылуы туралы баяндалды. Дархан Сатыбалдының айтуынша, былтыр қысқа мерзімді экономикалық индикатор 12,8 пайызға көтерілген. Мемлекет бюджетіне 6,6 триллион теңге салық пен міндетті төлемдер түскен.
Профилактикалық шаралардың арқасында елде өрт саны азайды
Төтенше жағдайлар министрлігі жылу беру маусымы кезінде өрттердің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бұл шаралардың негізгі мақсаты – тұрғын үйлердегі өрттердің санын азайту, сондай-ақ адамдардың қаза табуы мен жарақат алуына жол бермеу. Республика көлемінде өткізілетін профилактикалық іс-шаралар аясында түрлі практикалық жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтқанда, рейдтер ұйымдастырылып, үйлерді аралау, тұрғындармен түсіндіру әңгімелер мен нұсқаулықтар өткізу, интерактивті іс-шаралар ұйымдастыру, сондай-ақ азаматтарға атаулы көмек көрсету жүзеге асырылуда. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Асқар Төлешов ОКҚ брифингінде хабарлады.
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Президентке сот төрелігін іске асырудың былтырғы қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару және қайта бөлу жұмыстары туралы
АҢДАТПА!
1,1 млн-нан астам ауыл оқушылары үшін оқу жағдайлары жақсарды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2023-2025 жылдары елімізде шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде орналасқан 3 008 мектепке ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Мемлекеттік сатып алу реформасы. 2025 жылдың нәтижелері
АҢДАТПА!
Жүзден астам кәсіпорын Ұлттық жобаға қатысуға өтінім берді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны (ЭКСЖ) жүзеге асыру бойынша жобалық кеңсе отырысын өткізді. Отырыс барысында жобалық офис биылға арналған жоспарларды талқылап, сондай-ақ келесі жылға арналған рәсімдерді келісуге және жобаларды қалыптастыруға кірісті, деп хабарлайды Primeminister.kz.