Күн жаңалықтары
30.01.2026
Жарияланымдар · 13
Мемлекет басшысына Конституциялық комиссия жұмысының нәтижелері жөнінде ақпарат берілді
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады – алтыншы отырыстың қорытындысы
Бүгін Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасы қаралды. Оны дайындау кезінде соңғы 6 айда келіп түскен азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың және сарапшылардың ұсыныстары, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің пікірлері, ескертулері мен ұсынымдары ескерілді.
Балалар мүддесін қорғау: балалар мекемелерін санэпидқадағалаудың ерекше тәртібін енгізу
АҢДАТПА!
Премьер-министр Павлодар облысында энергоқауіпсіздікті нығайту және көмір генерациясын дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының жүзеге асырылу барысын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, көмір генерациясын дамыту және экономика мен халықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін жабу үшін жаңа қуаттарды іске қосу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді. Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің тұрақты жұмысын және энергетика мен көмір өндіруде цифрлық шешімдер енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қайтарылған 8,5 млн га жер қайта бөлінді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің шекті мөлшері бекітілді. Бұл қолайлы жағдайлары бар өңірлерде жерлерді неғұрлым тиімді пайдалануға ықпал етеді. ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.
Отандық кәсіпорындардың шартты жер үлестері мәселелері шешімін тапты
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында шартты жер үлестері мәселесін шешу бағытында қол жеткізілген нақты нәтижелер туралы баяндады.
Адал жер пайдаланушылардың құқықтарын сақтау шаралары қабылданды
Президенттің ауылдық аумақтардың тұрақтылығын, инвестиция тартуды және дамуын қамтамасыз ететін фермерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ «Жер пайдалану құқығын реттеу жөніндегі арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына» маңызды өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ брифингінде хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі
Мемлекеттік сатып алулардың жеңімпаздарын анықтау үшін ЖИ элементтері енгізілді
Елімізде отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары қабылданды. Мәселен, аумақтарда тіркелген компанияларға 2% үстемақы беру көзделген. Рейтингтік-балдық жүйе бойынша былтырдан бері құрылыс, жобалау және техникалық жобалау жұмыстары сатып алынады. Жеңімпаз 5 күнде анықталады. Конкурстық комиссия болмайды, сондықтан жеңімпаздар белгілі бір талаптарға сай іріктеледі. ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеилдің айтуынша, осы талаптар ішінде әлеуетті өнім берушінің төлеген салықтары, оның аумақта тіркелген туралы ақпарат, жыл сайынға аудиттік қорытындылары бар.
Әлеуетті өнім берушілердің жауапкершілігі күшейтілді
Бүгінгі таңда еліміздегі мемлекеттік сатып алу рәсімдері толығымен электронды форматқа көшірілген. Арнайы веб-порталда 18 мыңға жуық тапсырыс беруші, 120 мың өнім беруші тіркелген. 2025 жылы мемлекеттік сатып алулардың саны 1 млн-ға жетіп, 9,6 трлн теңгені құрады. Жасалған 1 644 мың шарттың құны 8,1 трлн теңгеге тең. Оның ішінде отандық өнім берушілермен 456 млрд теңгеге 167 мың шарт жасалған. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил ОКҚ брифингінде хабарлады.
2026 жылға арналған жөндеу жоспары: Елімізде 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбина жаңартылады
ҚР Энергетика министрлігі елдегі энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2026 жылы ауқымды жөндеу науқандары мен Ұлттық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипені туған күнімен құттықтады.
2025 жылы Mansap Kompasy платформасында 116 мыңнан астам оқушы кәсіби бағдарлау тестілеуінен өтті
2025 жылы Mansap Kompasy платформасында жүйелі кәсіби бағдар беру жұмысына бағытталған кәсіби өзін-өзі айқындаудың цифрлық құралы енгізілді. Жыл қорытындысы бойынша платформада 7–11-сыныптардағы 116,5 мың оқушы тестілеуден өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.