2025 жылы Mansap Kompasy платформасында жүйелі кәсіби бағдар беру жұмысына бағытталған кәсіби өзін-өзі айқындаудың цифрлық құралы енгізілді. Жыл қорытындысы бойынша платформада 7–11-сыныптардағы 116,5 мың оқушы тестілеуден өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.