Төтенше жағдайлар министрлігі жылу беру маусымы кезінде өрттердің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бұл шаралардың негізгі мақсаты – тұрғын үйлердегі өрттердің санын азайту, сондай-ақ адамдардың қаза табуы мен жарақат алуына жол бермеу. Республика көлемінде өткізілетін профилактикалық іс-шаралар аясында түрлі практикалық жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтқанда, рейдтер ұйымдастырылып, үйлерді аралау, тұрғындармен түсіндіру әңгімелер мен нұсқаулықтар өткізу, интерактивті іс-шаралар ұйымдастыру, сондай-ақ азаматтарға атаулы көмек көрсету жүзеге асырылуда. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Асқар Төлешов ОКҚ брифингінде хабарлады.