Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

20.02.2026

Жарияланымдар · 7

Берік Шолпанқұлов ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

17:22Мемлекет басшысының қызметі

Премьер-министр Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы «С5+1» форматы шеңберінде мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері бойынша Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Кеңес жұмысына дипломатиялық корпустың, оның ішінде жаңадан тағайындалған АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффт, сондай-ақ халықаралық компаниялар мен іскер қоғамдастықтың өкілдері және ҚР мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:38Президенттің тапсырмалары

Қызылорда облысында жыл соңына дейін 300 төсек-орындық заманауи көпбейінді аурухана ашылады

Қызылорда облысына жұмыс сапары шеңберінде денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 төсектік көпбейінді аурухананың құрылыс алаңына барды. Өңір тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынып жатыр. Жоба заманауи инженерлік шешімдерді енгізуді және аурухананы жаңа медициналық жабдықтармен жабдықтауды көздейді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

14:40Аймақтар жаңалықтары

Өңірлерде эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды

Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Нысаналы жастағы балаларды жоспарлы иммундау жүргізілуде. 2025 жылы қызылшаға қарсы 1 жастағы 323,7 мыңнан астам бала және 6 жастағы 348,3 мыңнан астам бала егілді. Иммундау аясында 18 жасқа дейінгі 214 мыңнан астам балаға вакцина салынды. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.

12:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Бас санитариялық дәрігер: қызылшамен сырқаттанғандардың көбі екпе алмаған адамдар

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ брифингінде COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша жағдай туралы баяндады. Оның хабарлауынша, SARS-CoV-2 нұсқаларының айналымына жүргізілген соңғы мониторинг деректері бойынша елімізде Омикрон 3 кіші түрінің айналымы анықталды: XFG.3 – 75%, XFG.3.1 және XFG.6 әрқайсысы 12,5% болып белгіленді. Омикронның аталған кіші түрінің айналымы халық денсаулығына қауіп тудырмайды.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Былтырмен салыстырғанда 2026 жылы ЖРВИ көрсеткіші 13%-ға төмендеді

2025 жылы көптеген инфекциялық ауру бойынша жағдай тұрақты болды. Жүргізілген профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың нәтижесінде 19 инфекциялық ауру, оның ішінде оба, дифтерия, полиомиелит, тырысқақ, іш сүзегі, паратиф жағдайлары тіркелген жоқ. 37 инфекция, атап айтқанда, көкжөтел 7,8 есе, қызылша 6,8 есе, А вирустық гепатиті 2,5 есе, коронавирус  инфекциясы 2,2 есе, жіті ішек инфекциясы 6%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ брифингінде хабарлады.

11:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Мемлекет басшысы Ashmore Group компаниясының бас директоры Марк Кумбсты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ashmore Group халықаралық инвестициялық компаниясының басшысы Марк Кумбс өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

02:22Мемлекет басшысының қызметі